Сейсенбі, 07.05.2024, 06:51
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Блог

Басты » 2013 » Шілде » 22 » «Бала тәрбиесіне кім жауапты?»...
09:11
«Бала тәрбиесіне кім жауапты?»...


 

 

Соңғы кезде ерсі де болса осы бір «Бала тәрбиесіне мектеп па,ата-ана ма,қоғам ба кім жауыпты?»-деген  сұрақ әр жерден қылаң беруде,соған арнайы өз ойымды жазып отырмын,талқыға салып,сараптау сіздерден.

    Ата-ана "Мен баламды өзім тәрбиелеймін,мектептің керегі жоқ"-деп айтуға құқы жоқ,баласын мектепке жібермесе заңмен жауап береді. Мектеп бала тәрбиесіне,оқу деңгейіне жауап бермесе онда мектепте директордың тәрбие жөніндегі,оқу-білім жөніндегі көмекшілерінің не қажеті бар? Айлық есебінен біздің (салық төлеушілердің) ақшалары не үшін төлену керек оларға. Жауап бермесе не үшін мемлекет қыруар қаржы шығындап бес жыл бойы оқу,тәрбие жолдарын үйрету үшін институттарда оқытады? Сондықтан мектеп жауаптылығы орында, себебі олар сол бала тәрбиесі үшін арнайы дайындалып,бала тәрбиелеу міндеті жүктелген адамдар Мысалы бір әсем ғимрат құлап қалса, ең бірінші сол ғимратты тұрғызушы маман жауап береді, екінші сол ғимыратқа қолданылған құрылыс материалдарын өндіруші жауап береді. Міне біздің жағдайда "Мектеп"- сапалы қоғамдық құрылыс құрушы, "Бала"- қоғам материалы, "Ата-Ана"-сол материалды өндіруші. Бұл үшеуі бір-бірінсіз мығым болмайды.Ал әрбір ата-ана өз баласын ешбір ақы талап етпей ақ, өз шама-шарқынша тәрбиелеуден қашпайды және ешқандай ата-ана балам жаман болсын демейді. Одан басқа ата-ана алдында баланы материалдық жағынан қамтамасыз ету міндеті бар,ол ата-ананың өте көп уақытын, күш-қуатын, жүйке-жігерін жұмсайтын факторлардың бірі. Ал мектеп функциясына бұл міндеттер кірмейді,олардан талап етілетіні сапалы білім мен баланың адам болып қалыптасу тәрбиесі. Сондықтан да мектеп бала тәрбиесіне тікелей жауапты, бірақ бұл ата-ананы балаға тәрбие беру міндетінен босата алмайды. Қоғам, адам қоғамнан бөлек дами алмайды, адамсыз қоғам құрылмайды. Сондықтан да бұл екеуі егіз ұғым. Тарихта қоғамның жеке адам тәрбиесіне тікелей әсері болса да сол жеке адам тағдырына жауап беруі өте сирек кездесетін құбылыс болар.

Көрсетілім: 1783 | Қосқаны: Jakup | Беделі: 0.0/0
Барлық пікір: 0
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қоса алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Шілде 2013  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика