Сейсенбі, 07.05.2024, 00:51
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Блог

Басты » 2013 » Шілде » 21 » Ата мен әженің бала тәрбиесіндегі орны.
09:10
Ата мен әженің бала тәрбиесіндегі орны.

Егер менен біреу «Ата мен әженің бала тәрбиесінде алар оны қандай?» - деп сұраса мен қазір не жауап берерімді де білмеймін-ау деп қорқамын. Ал осыдан біраз уақыт бұрын болғанда мен ойланбастан басты орын алады деп жауап берген болар едім. Кейінгі кезде қай жерден байқасам да менің ойыма кереғар пікірлер естимін, мүмкін соның әсері болар, өз ойыма күмәндана бастаған сияқтымын. Менің түсінігімде ата мен әже немересін тәрбиелеу барысында ең бірінші өзінің баласын тәрбиелеуде жіберіп алған олқылықтарынан сабақ алады деп ойлаймын. Адам баласы жастық шақта көп нәрсенің пайымына бара бермейтіні анық және оны ақымақтық болмаса білместік деп қарастырудың жөні де жоқ. Менімше ол жастық қуаттың қолымнан бәрі келеді, бәрін қопарып тастаймын деген желігінен болса керек. Сол бір албырт шақта атқарылған істеріңе ( Мыс: үй соқсаңда,жұмыс таңдасаңда,бала тәрбиесінде де,т.с.с.) кейін ақыл тоқтата келе сын көзбен қарап, «әттең кәзір болғанда,басқаша істер едім-ау»-дейтін сәттер бәрінде болмаса да,көпшілігінде болатыны рас. Оны өз басымнан өткізген сәттерім де аз емес. Олай болатын болса өмір тәжірбиесі бар, ұл-қыз тәрбиелеп балиғатқа жеткізген, өз тәрбиесінің ащысын да,тұщысын да өз басынан өткізген, өз балаларының жақсы ісіне сүйініп,жаман істеріне күйініп жүрген аталар мен әжелерге неге немере тәрбиесін сенбейміз? Балабақшадағы кеше ғана мектеп табалдырығынан шыққан,әлі бала өсірмек тұрмақ,ана атанып үлгермеген, балаға еш туыс-жақындығы жоқ, өзі бала адамға сәби тәрбесін сеніп тапсырамыз. Ал  өзімізді өсіріп,оқытып-шоқытып, үйлендіріп бала сүйгізуге жеткізген ата-анамызға немересінің тәрбиесіне араласуына сенбейміз. Сонда бұл қалай? Біздер қайдан шықтық? Бәрі емес,бірақ қазір көпшілік жастардың осы жағын ойлағаны дұрыс болар ма еді? Қазір ата-әже тәрбиесіне қарсы жастар кейін өз немерелеріне қарайды ма? Егер осы қалпымызбен кете берсек келешекте немересін керек қылмайтын ата-әжелердің шықпасына кім кепіл. Егер олай болса «АТА,БАЛА,НЕМЕРЕ» болып сабақтасып, соңы туыстық,рулық құрылымға ұласатын, сөйтіп қандық(гендік)тазалығымызды осы уақытқа дейін сақтап келген дәстүрімізге қәуіп төнбей ме? Бұл кейбір жат пиғылдылардың асықпай мүжитін кезекті құралы емес пе? Сіздердің пікірлеріңізді білсем деген ой ғой менікі.

Көрсетілім: 2085 | Қосқаны: Jakup | Теги: әже, немере., Ата | Беделі: 3.7/3
Барлық пікір: 0
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қоса алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Шілде 2013  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика