Сейсенбі, 07.05.2024, 09:22
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Блог

Басты » 2013 » Қыркүйек » 6 » Алаша тоқу
15:28
Алаша тоқу


Алаша бүктеуге, жинауға, алыпсалуға қолайлы мүлік. Мұны ұсталатын орнына қарай әрі енді, әрі көлемді етіп жасайды. Өрмекпен тоқылған алашаның ені әдетте 40—45 сантиметрден аспайды. Сондықтан мұның бірнеше кесіндісін біріктіре құрауға тура келеді. Бұл үшін шебер тоқылған материалдың ұзына бойы мен енін өлшеп, одан кейін неше бой етіп кесіп, құрау қажеттігін есептейді.

_.JPGӘдетте өрмек жіптерінің 35—40 сантиметрдейі тоқуға келмей қырқылады. Мұны «өрмектің қырқындысы» дейді. Алашаның бойларьін құрау үшін осы қырқынды жіпті пайдаланған жөн. Бұл жіптер ақ, қара, көк, қызыл — 4 түсті делік. Ендердің жапсар бойын осы 4 түсті жіпті кезектестіре отырып бұзау тіс тігісімен аралықтарын 1 — 2 сантиметрдей етіп қосымша сыналана енгізіледі де алашаның көлемі үлкейе түседі.

Өрмекке жеңіл әрі жиі қолданылатын өрнектің екі түрі бар. Оның біріншісі «су» өрнегі де, екіншісі «тіс» өрнегі. «Су» өрнегін өрмектің белгілі бір шетінен ерсі жіппен қарсы жіптің өнбойын бір түсті етіп жүгірту арқылы тоқиды. «Тіс» өрнегін осы екі жіптің екеуін екі түсті түрмен жүгіртіп (астыңғы жіп қара, үстіңгі жіп ақ) тоқиды. Өрмекте мүйіз, өсімдік, геометриялық фигуралар тәрізді күрделі өрнектер тоқу кездеседі. Мұндай тоқуды «терме» деп атайды. Термелеп тоқу әдісі қазақтың өрмек өнерінің ең бір көп тараған және көркем дүниелерді тоқуға ең бір қолайлысы деп саналады. Термелеп тоқу әдісі, әсіресе Қазақстанның оңтүстігінде жақсы дамыған өнері. Көркем өнердің осындай тәсілімен тоқылған бұйымдар (басқұр, қоржын, алаша, кілем және т. б.) Қазақстанның Қарағанды, Павлодар облыстарында жиі кездесетін өте ертеден келе жатқан өнер. Олардың өз аймақтарына қарай, өрнек мәнерінде, тоқу әдістерінде өздеріне тән ерекшеліктері бар. Оңтүстік Қазақстанда терме тоқудың неше түрлі тәсілі бар және олардың атаулары да әр түрлі.

Қайыра теру тәсілімен құрылатын өрмектің ерсі жібі мен қарсы жібі 3-4 түсті бояулармен боялады, екеуі бірдей теріліп, өрмектің екі жағынан (ерсі  мен  қарсы жағынан) тоқылып шығады.

«Кежім теру» немесе «бұқар теру» тәсілі көп түсті және әр түрлі өрнектен теріліп жасалатын басқұр мен алаша тоқу үшін қолданылады.

«Орама теру» тәсілдерімен де басқұрлар, алашалар тоқылады. Мұндай жағдайда өрмектің ерсісі, қарсысы және арқауы (ерсі мен қарсы жіптердің  арасына көлденең түсіп отыратын жіп) бәрі бір түсті жіптен құрылып тоқылады. Бұған көбінесе ақ не қызыл түсті жіптер қолданылады. Тоқу барысында әр түсті жіптерден өрнек салынып, оның жібі өрмектің ерсісіне қолмен оралып, арқаумен бекітіліп отырылады.

Бір түсті теру тәсілі тек қана басқұр тоқуға қолданылады. Мұндай басқұрлардың ерсі мен қарсы жібі көбінесе бірыңғай ақ жіптен, кейде қызыл жіптен құрылады да, өрнегі қызыл, қара, көк және басқа түсті жіптермен теріледі.Мүның бәрін қазақтың қарапайым өрмегімен жіңішке лента тәріздендіріп тоқиды.

Көрсетілім: 2330 | Қосқаны: Jakup | Теги: салт-дәстүр. | Беделі: 0.0/0
Барлық пікір: 0
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қоса алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Қыркүйек 2013  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика