Дүйсенбі, 06.05.2024, 18:00
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Блог

Басты » 2013 » Шілде » 21 » Адам жас белгілеу жөнінде афсана.
09:00
Адам жас белгілеу жөнінде афсана.

Құрметті қолданушыларым мына бір өзіме ұнайтын.апамнан бала кезде естіген  аңыз әңгімені жаза кетейін. Ұнағандарыңыз құлаққа құйып алыңыздар да,ұнатпағандарыңыз жанынан өткізіп жіберіңіздер.

   Сонымен бір күні Жаратқан ием өзі жан берген тіршілік иелеріне өмір сүру жасын белгілемек болып барлығын жинапты да," Осындағы барлығыңды өзім жараттым,өзім жер бетіне жібердім, енді сендерге сол жер бетінде өмір сүру жасын үлестірмекпін. Бәріңде өз туындым болғандықтан бөліп жармай бірдей 30 жастан белгілеймін,сол өмірлеріңді қызықты,уайымсыз,жақсы өткізуді нәсіп қыламын"-депті.Барлығы ризалықпен бас шұлғып тарай бастағанда Адам тұрып қалыпты да Жаратушыға;-"Е,Жаратушым,сен мені басқа мақұлықтарға қарағанда ақыл-ес беріп артық жараттың,ал енді жасымды солармен тең еткеніңіз әділдік пе?"-депті.Жаратқан ием ойланып қалыпты,бере салайын десе жастың бәрін үлестіріп қойған,бермейін десе Адамның сөзінің жаны бар.Жан-жағына қараса Есек кетіп үлгермеген екен,шақырып алып:"Ей,Есек,сенің тұрмысың онсызда ауыр болады,он жылда жетер жиырма масыңды Адамға қостым"-депті.

Адам өзіне тән көзтоймастықпен елу жасты да азсыныпты,Жаратқан ием жан-жағына тағы да қараса ит айналып жүр екен,шақырып алып: "Сен адамға қызмет етесің.сеніңде жиырма жасыңды Адамға бердім сен бір жылда үш жасап отызға жетесің"- депті. Содан да ит бір жылда үш жасайды екен дейді.Бірақ Адамға бұлда аз қөрініпті де,тағы жас сұрапты. Жаратқан ием өзінің сүйікті құлының көңілін қимай жан-жағына қараса,ыржалақтап маймыл жүр екен дейді,соны шақырып алып:"Сеніңде жиырма жасыңды Адамға беремін"-депті.Сонымен Адамның Жаратқан иеміз нәсіп қылған жасы орташа 90-жас болыпты.

   Бұнымен айтқым келіп отырғаны,Жаратқан иемнің Адамға ең алғаш меншіктеп берген 30-жасы біздің адамша рахатта,қызықты,жастықпен өткізетін өміріміз екен. Келесі жиырма жас есектен алған жиырма жас бала-шағаны өсіремін,соларды ешкімнен кем қылмаймын деп ақ тер.көк тер болып есекше еңбек ететін өтетін ата-ана өмірі екен.Одан соңғы немерелерге әй үйтпе,өй бүйтпе.ананы бүлдіресің деп отыратын 50 мен 70-ің арасы итше үріп отыратын иттен алған жасымыз екен.Ал 70 пен 90-ның арасында көз көруі нашарлап,қүлақ шала естіп біреу боқтасада мақтаған екен деп ыржақтап отыратын жас маймылдан алынған жас екен деуші еді апам жарықтық.

    Бұдан алар ғибрат не? Жаратқан иемнің Адамға нәсіп қылған 30 жылын кейін өкінбейтіндей қызықты,пайдалы,мәндіде сәнді өткізуге тырысыңдар.Қалғанынан қашып құтыла алмайсыңдар. Адамның ең қызық кезі жастық шағы,қарттарды көргенде олар бір кезде сендердей болғанын ұмытпаңдар,силаңдар.Сендер де сондай боласыңдар.

Көрсетілім: 623 | Қосқаны: Jakup | Беделі: 0.0/0
Барлық пікір: 0
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қоса алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Шілде 2013  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика