Сейсенбі, 07.05.2024, 07:46
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Блог

Басты » 2013 » Шілде » 26 » Аңшы грилі.
15:07
Аңшы грилі.

Аңшы грилі.

Мен сіздерге аңшылардың құс атуға барғанда, оңай дайындайтын өзім « Аңшы грилі»-деп ат қойған тағам түрімен таныстырғым келеді. Өкінішке орай суреттерін сала алмаймын, қолымда дайын сурет болмай тұр. Биыл күзде құсқа шықсам міндетті түрде суреттерін түсіремін. Сонымен бұл дайындалуы өте оңай, дәмі жеген адамның аузынан кетпейтін тағам, енді ол жақта тіс басытқы. Алғаш құстардың ішінен бір ірі қазды таңдап аламыз да, бауыздап қанын тазалап сорғытып ағызамыз. Жүнін жұлмаймыз, кәдігімгі грил құсатып арт жағынан тілеміз дағы,ішқұрылысынан тазартып алып, жуамыз да ішіне кесек туралған картоп, бір-екі бас ортасынан бөлінген пияз, басқа да приправаларымызды саламыз. Айтпақшы бұлардан бұрын құсты іш жағыгнан тұзбен сылап тұздаймыз. Сонан соң тілген жерімізді шыбықпен шаншып тігеміз дағы көл табанындағы балшықпенен 1 см – дей қалыңдықта сыбаймыз. Жерден күрек бойы ошақ қазамыз жағы ішіне шоқ түсіріп сыланған құсты саламыз да үстіне отын тастап маздатып жаға береміз. Бұл жерде құсымыздың тұрі домалақ лай кесек сияқты болып қалады,қанша жақсаң да күйіп кетпейді, әлде біз күйюге жібермейміз – ау деймін. Лай қышқа айналып сарғыш тартқанда шоқтан шығарып салқындатамыз. Қол күймейтін болғанда сыртын сындырып алып тастаймыз, тауықтың қауырсындары кесекпен бірге аршылып таза еті қалады. Ар жағы дело техники.
P.S. Бұл жерде гигена жағын шыли қозғамаймыз, себебі біз аңда жүрміз. Келесіде аңшылықтағы кауап туралы жазармын.
Көрсетілім: 556 | Қосқаны: Jakup | Теги: Аң, грил. | Беделі: 0.0/0
Барлық пікір: 0
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қоса алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Шілде 2013  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика