Дүйсенбі, 06.05.2024, 19:30
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Блог

Басты » 2013 » Қараша » 20 » Тараздағы алғашқы қар.
09:25
Тараздағы алғашқы қар.

                                           

                                         2013-11-20  күні 2014-жылдың алғашқы қары жауды.

        

               Таңертең далаға шықсам, міне тамаша, айналаны аппақ етіп қар жауыпты. Бұл Тараздағы алғашқы қар, алдағы қыстың алғашқы жаршысы. Қаламыз оңтүстік өңірге жатқаннан болар жылда қардың бізге түсетін уақытының өзіде осы уақыт  күздің соңына таман десекте, биыл қар сағындырып жеткендей. Үйге кіріп сағатқа қарасам 7-ден асыңқырап қалыпты, балам мен немеремді ояттым. Немерем таңертең оқиды, ал балам ушусандоға жаттығуға барады.Екеуі ұйқысын қимай жатыр еді « Тұрсаңдаршы, далада қар жауыпты»-деп едім орындарынан атып тұрып терезелеріне  қарай ұмтылды.Қайтсін енді бұлар да қарды сағынып жүрген ғой байқаймын. Дала шынында өзгеше бір таңғажайып түрге енген. Қар жапқан шатырлар, қардан иілген дарақ бұталары бірі жиналып бір әсем компазиция құрап тұрғандай. Өз өмірімнің 56-шы қары болса да алғашқы қар көргендей тамсана қараудамын, ауада ерекше саф таза. Термометрге қарасам 0 градусты көрсетіп тұр екен, демек  бұл қардың жату ұзақтығы шамалы болар деп қынжыла ойлап қойдым. Мейлі бастысы бізге де қар түсті.

 

      Тараз қаласында алғашқы қар.                               

                               

Көрсетілім: 495 | Қосқаны: Jakup | Беделі: 0.0/0
Барлық пікір: 0
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қоса алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Қараша 2013  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика