Сенбі, 20.04.2024, 06:16
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Главная » 2014 » Сәуір » 6 » Жоқшылық көрген миллионерлер
21:13
Жоқшылық көрген миллионерлер

 

 АСТАНА. 6 сәуір. BAQ.KZ- Қазіргі кезде кедейлік пен байлық туралы, байлыққа қалай қол жеткізуге болатыны, кедей мен байдың ойлау деңгейінің сан алуандығы жайлы жазылған кітаптар да, ақыл-кеңес беруші адамдар да көп.

 Бірақ елдің бәрі бірден байып кетпейтіні – өмір шындығы. Десе де, өз ерік-жігері мен күш-қуаты, еңбекқорлығы мен ақыл-ойының арқасында сіңірі шыққан кедей отбасында өссе де, үлкен жетістікке қол жеткізген адамдар бар. Балалық шағы жоқшылықта өткен ондай адамдардың баршылықта өмір сүруге деген құлшынысы жоғары болған. Қазіргі капиталистік қоғамда «бай байыған үстіне байып, кедей кедейлене береді» деген бір қағида бар. Бірақ та өз ісінің көзін тауып, оны үлкен табыс көзіне айналдыра білген жандардың жетістіктері әлемді таңғалдырады. Олардың өмірінде де қиын кезеңдер, жоқшылықтан қысылған сұрықсыз күндер де болған.

Айталық, Apple компаниясы мен Pixar студиясының негізін қалаушы Стивен Джобс студент шағында достарының жатақханасында түнеп, Кока-Коланың бөтелкелерін жинап күн кешкен кездері де болған көрінеді. Оның өмірбаянына көз жүгірткен жан, өзінің білімі мен алғырлығының, еңбекқорлығы­ның арқасында қазіргі әлем танитын Сивке айналғанын байқайды. Оның ерекше алғырлығы балалық шағында байқалған. 12 жасында әлдебір электр құралын жинап жүріп, жетіспей тұрған бөлшегін сол кезде атағы дүрілден тұрған «Hewlett-Packard» компаниясы­ның негізін қалаушы Уильям Хьюлетке қоңырау шалып, сұрап алыпты. Осылайша оның зеректігі өмірін түбегейлі өзгертетін компанияға алып келеді. Нәтижесінде IT-техно­логиялар дәуірінің бастауында тұрған Стивен Джобс досы Стив Возняк екеуі алғашқы жеке компьютерді ойлап тапқан. Ақпараттық технологиялар саласында жетекші орындарды иеленетін Apple компаниясы­ның негізін қалаған. Бүгінде бұл компанияның iPhone, iPod және ең жіңішке MacBookAir ноутбугы ІТ нарығындағы ең танымал өнімдер.

Әлемнің барлық балалары сүйіп көретін Микки Маус пен Дональд Дак, одан басқа 200-ден аса кейіпкерлердің әкесі, белгілі америкалық мультипликатор Уолт Дисней өткен ғасырдың басында кедей отбасында дүниеге келген. Күнкөріс қамымен көшіп-қонып жүрген отбасының бір жағына шығу үшін Уолт еңбекке жастайынан араласады. Күнделікті таң атпай тұрып газет таратып, әкесіне қолғабыс қылған. Ал түнде әке-шешесінен жасырып, түрлі сурет пен комикстер салып, тиын-тебенге көршілеріне сатқан. Бұл оның ең сүйікті ісі еді. Алайда баласының қызығу­шылығын құптамаған әкесі оның қайдағы бір суреттерді салумен уақытын босқа өткізгені үшін сазайын тартқызған кездері аз болмаған. Алайда өз арма­ны­на адал болған бозбала ата-анасының қарсылығына қа­ра­мастан, Чикаго өнер инс­титутына түседі. Балалық шағының сұрықсыз өткендігiнен болар, ол өзінің ертегілер әлемін жасайды. Уолт тек мультиплика­ция­лық фильмдер студиясын ғана емес, миллиондаған ба­ла­­лар мен ересектерге ар­налған ойын-сауық әлемін құрды. Ал оның бала кезінде салған суреттерін көршілері 50 жылдан кейін бәссаудаға салып жатты.

Қазіргі кезде түрлі фаст-фуд жүйелері өте көп. Соның бірі – KFС-дің негізін қалаушы Гарланд Сандерс жас кезінде от жағушы, кондуктор, шабарман болып істеген. Гарланд 6 жасқа толғанда әкесі қайтыс болады. Осы кезден бастап, үй шаруасы кішкентай баланың мойнына артылады. Тіпті анасы жоқ кезде тамақ жасап қоятын. Ал 12 жасында шешесі қайтадан күйеуге шығады. Алайда ол өгей әкесімен тіл табыса алмай, үйден қашып кетеді. Мектепті де тастайды. Ал 16 жасыында АҚШ армиясына ерікті түрде жазы­лып, 1 жылдан кейін одан да жалығады. Осыдан кейін оның қолға алмаған ісі жоқ. Алайда кірген жұмысында ұзақ тұрақтай алмайтын. Тек қырыққа жақын­дап қалған шағында аз-маз қаржы жинап, клиенттерге арналған асханасы бар авто­жөндеу шеберханасын ашады. Шеберхананың бір бөлмесін алған асхананың тамақтарын Сандерс өзі дайындайтын. Уақыт өте келе асхананың атағы шығып, Сандерс тамағының дәмін татқысы келетіндердің қатары күннен-күнге көбейе берді. «Kentucky Fried Chicken», яғни «Кентуккидің қуырылған балапаны» деп аталған жедел ас жүйесінің негізін қалаушы 65 жасында өз ресторанының франшизасын сата бастады. Осылайша атағы әйгілі «Мак­до­ландсқа» бәсекелес «KFC Corpo­ration» нарыққа шықты. Оны иесі 1964 жылы 2 миллион долларға сатқан. Қазіргі кезде KFC-дің 100-ден аса елде 15 мыңнан аса мейрамханасы бар.

Әлемге өзінің қайырым­ды­лық шараларымен әйгілі, «Сорос» қорының негізін қалаушы Джордж Сорос та осыншама байлыққа бір күнде ие бола қалған жоқ. Өткен ғасырдың еврейлерді қудалап жатқан шағында оның отбасы қуғын-сүргіннен әрең қашып құтылады. Ал 1947 жылдары Джордж Ұлыбританияғы жақсы өмір іздеп кетеді. Галантереялық фабрикада сатушы болып жүрген кезінде оның ойынан байлық пен атақ туралы ой еш шыққан емес. Лондондағы экономика мектебін бітіруі оның бойына сенім ұялатты. Оның қызметтік өмірі «Сингер и Фридландер» компаниясының арбитраждық бөліміне орналас­қаннан басталды. Қазіргі кезде ол атақты қаржыгер ғана емес, филантроп ретінде де белгілі. Ол 1992 «Форекс» нарығында фунт/доллар бағамынан бір күннің ішінде 2 миллион доллар жасаған.

Атақ пен байлыққа қол жеткізген осы адамдардың өмірінен алдыға қойған мақсаты анық болса, оған қол жеткізуге болатынының бір дәлелі.

Қейбірі үлкен байлыққа қол жеткізе отырып, қайырым­дылық­пен айналысуды назардан тыс қалдырмаған. Олардан бөлек, өз байлығынан көзі тірі кезінде-ақ түбегейлі бас тартқан адамдар да бар. «listverse.com» сайтының жазуына қарағанда, ұлыбританиялық Джон Педли – байлығынан бас тартқан жандардың біреуі. Ол 2002 жылы көлік апатына түскенге дейін, үлкен байлықта шалқып өмір сүрген. Көлікті мас күйінде айдап, көлік апатынан ес-түссіз күйге түсіп, өлім аузынан қалады. Жаны әрең аман қалған миллионер осы апаттан кейін күрт өзгерген көрінеді. Байлық буымен есірген бағланның өмірі үлгі тұтарлықтай емес еді. Аман қалғанына шүкіршілік етіп, есіне Құдайын түсіре бастайды. Угандада тұратын досының қайырымдылықпен айналысып жүргені оның көңілін қатты қозғайды да, өзінің бизнесі мен үйін сатып, қаржысын Уганданың жетім-жесірлеріне тарата бастады. Өзі де осы жердегі жеркепеге көшіп келеді. Тек угандалық жетімдерге ғана емес, ағылшынның балалық шағы қиын болған балаларына да көмек қолын соза бастайды. Педли үшін бұның барлығы осыған дейінгі ерсі қылықтары мен өмір салтынан арылу болды.

Ал Қытайдың Ю Панглин есімді олигархы өзінің орасан байлығын ұлдарына қалдырмай, қайырымдылық қорына аударып жіберген. Жылжымайтын мүлік пен қонақүй бизнесімен ай­налысатын Ю 2010 жылы өзінің 470 миллион доллар байлығын қайырымдылық қорына аударатынын жария­лады. Сонымен қатар өзгелерді де осындай қадамға баруға шақырды. Қаржы қадағалаусыз шашылып кетпес үшін, HSBC-ке өзінің капиталын басқартып, бұл қаржыны ешкім инвести­ция­ға салмайтын және мұраға алмайтындай қылған. Олигарх өзінің қайырымдылығын қиын­­шылықпен өткен балалық шағымен байланыстырған. Кедей отбасында өскен ол жоқшылықта жүргендердің қандай қиындықтарды бастан кешіретінін білген. «Ал балаларым әкесінің байлы­ғынсыз-ақ өмір сүре алады» деп тұжырымдаған. Оның бұл әрекеті аты әлемге белгілi фимлантропқа айналдырды.

Сондай-ақ әлемде жасаған қайырымдылығы туралы жаһанға жар салмай-ақ, жасырын түрде жомарттық жасап жүрген жандар да көп. Мәселен, американ-ирландық миллиардер Чаке Фини соңғы 30 жыл бойы 6,2 млрд доллар қаржысын қайырымдылыққа жұмсаған екен. Оның үстіне жасаған жақсылығын айғайлап жатуды жөн көрмеген. Ал оның қалған 1,3 миллиард доллар қаржысы 2016 жылға дейін жетеді екен. Фини құрған қор тек 2020 жылға қарай жұмысын тоқтатады. Дьюти-фри дүкен­деріне миллиондаған байлық жинаған Финни өмірінің соң­ын­да бір тиынсыз қалса да, еш өкінбейтіндігін айтады.

 

 

Просмотров: 2644 | Добавил: Jakup | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Сәуір 2014  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика