Жұма, 19.04.2024, 15:06
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Главная » 2014 » Наурыз » 29 » Қостанайлық дәрігерлер тірі баланы өлді деп көмуге жіберген.
10:36
Қостанайлық дәрігерлер тірі баланы өлді деп көмуге жіберген.

Қостанай облысының Меңдіқара ауданында жан түршігерлік оқиға орын алды. Бұл туралы Қостанай облысының прокуроры Марат Қайыбжанов денсаулық сақтау туралы заңнаманың орындалуы бойынша өткен алқа отырысында мәлімдеді, деп хабарлады Қазақпарат «Алау» порталына сілтеме жасай отырып.

 «6 наурыз күні Меңдіқара орталық аудандық ауруханасында уақытынан ерте туған нәрестенің денесін қорапқа орап, оны баланың анасына көмуге берген», - деді Қостанай облысының прокуроры М.Қайыбжанов. Алайда, бір сағаттан кейін баланың тірі екені анықталады. Оны әкесі байқап қалған. Сәбиді ауруханаға қайта алып келгенмен ол 3 күннен кейін көз жұмды», - деп атап өтті прокурор.

Бұған қатысты облыстың денсаулық сақтау басқармасы тарапынан қандай әрекеттер қолданылғаны туралы оның басшысы Орал Бекмағамбетов былай деді: «Осы жағдайды естіген бойы облыстық денсаулық сақтау басқармасында дереу комиссия құрылды. Олар оқиға орнына барып, мән-жайды анықтады. Сәйкесінше, тиісті жазалау шаралары қолданылып, медицина қызметкерлері жұмыстан босатылды».

Просмотров: 1780 | Добавил: Jakup | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 2
0  
2 yesbolat83   (08.04.2014 00:34) [Материал]
Масқара.
Осы секілді өз жұмыстарына салғырт қарайтын дәрігерлерді жұмыстан босатып қана қоймай, ендігі әрі медицина саласында жұмыс атқару құқығынан да айыру керек.

0  
1 Ерасыл   (31.03.2014 00:09) [Материал]
Жауапсыз адамдар екен.

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Наурыз 2014  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика