Сенбі, 20.04.2024, 10:39
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Главная » 2014 » Сәуір » 26 » Иранда мұнай бағасы 25 пайызға қымбаттады.
15:23
Иранда мұнай бағасы 25 пайызға қымбаттады.

 

Астана. 25 сәуір. Baq.kz – Иран үкіметі жанармайға деген мемлекеттік субсидияны тоқтатып тастауының салдарынан отын құны бір түнде 75 пайызға бір-ақ өсті. Яғни, бұрын АҚШ өлшемімен оның бір литрі 16 цент болған болса, бүгінде 28 центті құрап отыр. 

Бұл жайттан кейін елдегі жанармай бекеттерінде үлкен кезектер пайда болып, халық наразылық шерулерін де өткізді. Алайда, үкімет тұрғындардың толқуына қарамастан өз шешімін өзгеріссіз қалдырып отыр.
Бағаны шарықтатып жібергенімен Иран жанармайы әлі де болса әлемдегі ең арзан жанармай болып табылады. Дегенмен, халықтың кедей бөлігіне бұл жайт ауыр тиері сөзсіз. Бүгінде Иран халқының 25 пайызы жұмыссыз отыр.
Сарапшылардың айтуынша, қазір мемлекет президенті Хассан Роуханидің нағыз сыналатын кезі. Ол жанармай бағасын өсіру арқылы елде жаңа жұмыс орындарын ашуға уәде берген болатын. Енді Иран басшысының қаншалықты сөзінде тұратыны уақыт еншісінде дейді экономист-мамандар. 

Просмотров: 1654 | Добавил: Jakup | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Сәуір 2014  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика