Бейсенбі, 25.04.2024, 16:42
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Блог

Басты » 2013 » Қыркүйек » 21 » Құрғақ тамақ.
07:59
Құрғақ тамақ.


 

Мен бұрынырақ  қазақ халқының бұрынғы өткен замандарда құрғақ сүтті қалай дайындап, оны қалай пайдаланғаны туралы жазған едім. Қазір енді сол уақыттарда қазіргі уақытта « бич пакет»  атанып жүрген тез дайындалатын тағамды ата-бабаларымыздың қалай дайындап, қалай пайдаланғандары жөнінде апамнан (әжем) естігендерімді жариялап жазбақпын. Бұрынғы Замандарда халқымыз көшпенді өмір салтын ұстанғандықтан көші – қонда пайдалануға ыңғайлы тез дайындалатын, әрі ұзақ жолдарда бұзылмайтын,ашымайтын тағамдар ( құрғақ сүт,құрт,май, ірімшік, қауынқақ т.с.с.) түрін пайдаланған. Міне сондай тағамдардың бірі кептірілген құрғақ тағамдар түрлері де болған. Ал енді сол құрғақ тамақтың дайындалу жолына келейік, апаларымыз сүр етті бір қайнатып алып кептіріп қойған, одан соң қамырды жұқалап жайып кәдігімгі етке дайындағандай етіп қайнатып алып кептірген. Енді осыларды рет-ретімен, бірінші етті, одан кейін нанын тас диірменнен өткізіп үгіткен.Сол сияқты дәмдеуіштерді де осы

диірменде үгітіп алып, бірін жеке – жеке тағы бір құрғатып кептіріп алғаннан соң, әрқайсысын жеке жұқа мата қалталарға салып іліп қоятын болған. Жол бойында тоқтаған жерлерде әрқайсысынан бір уыстан салып ыстық суға бұқтырып пайдаланған. Бұл қарны ашып шыдымсызданған балаларға да, көш қарбалысынан қолдары босамайтын үлкендерге де тиімді тамақ болған

Көрсетілім: 675 | Қосқаны: Jakup | Теги: Құрғақ тамақ, салт. дәстүр. | Беделі: 0.0/0
Барлық пікір: 0
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қоса алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Қыркүйек 2013  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика