Бейсенбі, 25.04.2024, 20:21
Ассалаумағалейкум!Қош келдіңіздер! Қонақ | RSS

БӘРІҢКЕЛ...

Кіші-чат
200
Біздің сұрақ
"Қазақ елі" атауы
Барлық жауаптар: 111

Блог

Басты » 2013 » Тамыз » 10 » Айтаберлік ініммен кездесуім.
20:41
Айтаберлік ініммен кездесуім.


Айтабер! - танымдық блогтұғыры: Айтаберлік ініммен кездесуім.Түс қайта дем алу мақсатымен жатыр едім қалта телефоным әндетіп қоя берді. Шынымды айтсам осыны өшіре салмаған екенмін да деп ренішпен,әрі самарқау алдым телефонды. Түймесін басып, «әлләу» деп құлаққа тоссам, ар жағынан «Жако аға, қалайсыз?»-деген жігіт дауысы шықты. Ұйқы шайдай ашылды, себебі мені «Жако аға»-деп атайтындар СЖ мен Айтаберліктер ғой. Миымды бұл кім болды екен деген ой зыр етіп аралап шықты. Сол кезде

— Аға танымадыңыз ба?-деген сұрақ та қойылып үлгерді.

— Айып етпе, танымай жатырмын-дедім

— Аға мен Есболатпын ғой, Айтаберлік- деген кезде барып,

— Оо Еске, қалайсың,қайдан-дедім. Ар жақтан:

— Аға Шу қаласына ағайындарға қыдырып келіп едім, егер Таразда болсаңыз өзіңізді көріп, сізге сәлем бере кетейін деп едім – дейді Ескем. Сол кездегі көңіл күйімдегі ризалық сезімді қалай айтып жеткізер екенмін. Сонша жерден бұрын көрмеген, білмеген, тек «Айтабер» сайты арқылы араласып жүрген інім сәлем беремін деп келіп тұрса бұл жағдайым түсінікті де болар. Алты жасар бала алыстан келсе алпыс жасар қария орнынан тұрып сәлем беретін халықтың ұрпағы емеспіз бе орнымнан атып тұрып:

— Қандай тамаша болды, қаладамын, күтіп аламын міндетті түрде- дедім дағы, қалай кездесу жағын әңгімелеп кеттік. Сонымен не керек арада бір-екі күн өткеннен соң, Ескең звандап:

— Жако аға, мен Таразда автобекетте тұрмын- дейді, мен:

— Еске сол жерде тұр,қазір жетемін-дедім де сұржекейіме міне салып автобекетке тарттым, жолай мида қалай жолығар екенбіз деген ой да жоқ емес. Келіскен жерге келіп телефон шалып едім:

— Аға, мен сізді көріп тұрмын-деген Ескеңнің дауысын естіп сол жағыма бұрылсам ол қол бұлғап тұр екен.Шынымды айтсам әлгі әзірдегі қобалжулардың бәрі далада қалды, баяғыдан таныс адамдардай құшақтасып амандастық, тіпті арамыздағы біраз жас айырмашылықта әсер етпегендей. Мүмкін Есболаттың мінезінің ашықтығынан болар. Машинаға міне салысымен:

— Ал Еске, бірінші жоспар құрып алайық – дегеніме Есболат:

— Аға түнгі он екі жарымға билет алып қойдым, Қазір бір жерден намаз оқып алсам жақсы болар еді, одан кейін пойызым келгенше сіздің құзырыңыздамын –деп жымиып қойды.

— Болады, онда қазір қалалық мешітке барып намаз оқып алуға болады- деп қалалық мешітке бет алдық. Мешіттен намаз оқып шыққан соң Ескең:

— Уақыт онша көп емес аға, мүмкіндігі болса маған Тараздың тарихи орындарын аралатсаңыз – деді. Сонымен қысқасы Есболат інімді Тараздың көне орындарын шамам келгенше аралатып, үйден қазақтың бір етін астырып дәм татырып, жанұяммен таныстырып поезға шығарып салдым. Абзал інім маған қаншама тамаша көңіл күйін силап кеткенін білсе ғой, рахаттанып қалдым бір.


Есболат екеуіміз.



Айша Бибі кесенесі



Қарахан баба кесенесі




Бабаджы хатун кесенесі.



Көрсетілім: 594 | Қосқаны: Jakup | Теги: Кездесу, Есболат, Тараз қаласы | Беделі: 0.0/0
Барлық пікір: 0
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қоса алады
[ Тіркелу | Кіру ]
Іздеу
Күнтізбе
«  Тамыз 2013  »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
-->

Copyright MyCorp © 2024
Используются технологии uCozЯндекс.Метрика